Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 71 мың тұрғын үй салынады

1122

2020 жылдың І тоқсанында 1 489 пәтер пайдалануға берілген.

Алматы облысында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 71 мың тұрғын үй салынады

Биыл Алматы облысында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 7100 тұрғын үй салынады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

"Алматы облысында биыл 859 мың шаршы метр немесе 7100 мың тұрғын үй салу міндеті тұр. 2020 жылдың І тоқсанында салаға 28 млрд теңге инвестиция тартылды. Үш айда облыс бойынша барлығы 191,9 мың шаршы метр немесе 1 489 жеке үй пайдалануға берілді. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл облыста инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 22,3 млрд теңгеге 66 жоба іске асырылып, 2330 адам жұмыспен қамтылады", – деп хабарлады министрлік. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу