Алматы облысында ойын-сауық орталығында 4 жасар қызды тепкен Түркия азаматы ұсталды

1279

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Алматы облысында ойын-сауық орталығында 4 жасар қызды тепкен Түркия азаматы ұсталды Фото: NewTimes.kz

Алматы облысының Қарасай ауданында 25 жасар ер адам ойын-сауық орталықтарының бірінде кішкентай қызға дене жарақатын келтірген, деп жазады inbusiness.kz.

23 шілде күні Қарасай ауданының Полиция басқармасына сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адамның 4 жасар қызына дене жарақатын келтіргені туралы 1996 жылғы азаматшадан арыз түскен.

Аудандық полицияда бұл дерек ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары 1998 жылғы Түркия елінің азаматын ұстады.

"Күдікті жауап алу барысында өз кінәсін толық мойындады. Бүгінгі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу