Алматы облысында олигархтардан қайтарылған 5 жер телімі қайтадан сатылымға шығарылды

115

Сауда онлайн өтеді.  

Алматы облысында олигархтардан қайтарылған 5 жер телімі қайтадан сатылымға шығарылды Фото: baq.kz

"Қайтарылған активтерді басқару компаниясы" Алматы облысындағы 5 жер учаскесі мен тұрғын емес үй-жайды тағы да сауда-саттыққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аукцион E-Qazyna веб-платформасында 22 шілдеде сағат 12:00-де өтеді.

Саудаға барлығы 5 жер учаскесі қойылды. Олардың төртеуі Алматы облысындағы Жамбыл ауданында болса, бірі Қарасай ауданында орналасқан.

"Жалпы алаңы 964,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан ауданның жерлері.
Бастапқы бағасы: 526 289 576,00 теңге.

Жалпы алаңы 50,0000 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округі, "Құрты" ӨК жерлері.
Бастапқы бағасы: 36 073 542,00 теңге.

Жалпы алаңы 142,92 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылдық округі, Шамалған ауылы, "Шамалған" ӨК, уч.4409А.
Бастапқы бағасы: 89 503 046,00 теңге.

Жалпы алаңы 1400,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарытауқұм ауылдық округінің аумағындағы ауданның жерлері, уч.523.
Бастапқы бағасы: 74 215 251,00 теңге.

Жалпы алаңы 2400,00 га жер учаскесі, мекенжайы: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сарытауқұм ауылдық округінің аумағындағы ауданның жерлері, уч.524.
Бастапқы бағасы: 125 134 102,00 теңге", – делінген ақпаратта.

Тұрғын емес үй-жай Алматы қаласындағы Көктем-2 ықшам ауданында орналасқан. 
Бастапқы бағасы: 3 064 028 800,00 теңге.

Сауда онлайн форматта өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу