Алматы облысында өрт қаупінің ең жоғарғы деңгейі белгіленді

863

Алматы облысында өрт қаупінің ең жоғарғы деңгейі белгіленді

Күн күрт ысығалы бері Жетісу жерінде он шақты дала өрті болды. Соның салдарынан үш мың гектардай аумақты қызыл жалын шарпып, мемлекеттке 300 мың теңге көлемінде шығын келді, деп хабарлайды 24.kz.

Кеше Қапшағай қаласы мен Шеңгелді ауылының ортасындағы дала өртенген. Тілсіз жауды өшіруге облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдардың 4 техникасы мен 16 өрт сөндірушісі жұмылдырылды. Отқа оранған аумақтың көлемі мен одан келген шығын әлі анықталған жоқ. Аймақта өрт қаупінің ең жоғарғы бесінші деңгейі туындағандықтан, "Авиаорманқорғау" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұшақтары мен тікұшақтары да әуеге көтерілді. Олар Қаратал өзенінің бойымен Балқаш көліне дейінгі аралықты әуеден бақылап қайтты.

"Біз бүгін Қаратал өзенінің бойын әуеден бір шолып шықтық. Себебі облыс аумағында өрт қаупінің бесінші деңгейі белгіленіп отыр. Біз мұндай жағдайда аспанға жиі көтерілеміз. Төртінші деңгейде күніне екі рет, ал бесінші деңгей туындағанда күніне бес рет ұшуға тура келеді. Абырой болғанда, бүгін ешбір өрт ошағын байқамадық", -  "Авиаорманқорғау" РМК бақылаушы-ұшқышы Мұрат Базарбеков

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу