ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызмет барысында патрульдік полиция инспекторлары Б. Үмбетәлиев пен Н. Бақберген Ынтымақ шағынауданындағы үйлердің бірінен шыққан өртті байқап қалған.
Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, уақыт оздырмай құтқару жұмысына кіріскен. Олар өз бастарын қауіпке тігіп, үй ішінде қалған адамдарды сыртқа шығарып, жалынның күшеюіне жол бермеу үшін алғашқы шараларды қолға алған.
Өздері күйік алғанына қарамастан, тәртіп сақшылары өрт сөндірушілер жеткенше жалынды ауыздықтауға көмектескен.
Полицейлердің жедел әрі батыл әрекетінің арқасында адам өмірі аман қалып, қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды.