Алматы облысында өрт салдарынан 2 әйел қайтыс болды

760

Өрт толық сөндірілді, жалын шалған жердің жалпы көлемі – 56 шаршы метр.

Алматы облысында өрт салдарынан 2 әйел қайтыс болды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Байтерек ауылының бір тұрғын үйінде өрт болды. Бұл туралы аудан орталығы Есік қаласының өрт сөндіру бөліміне 31 шілде күні таң ата хабарлама түскен, деп жазады 24.kz.

Құрамында 4 адамы бар кезекшілік топ оқиға орынына жедел жеткен. Өртті сөндіру кезінде үйден екі әйелдің өлі денесі табылған. Олардың біреуі – 1955 жылы, екіншісі 1966 жылы туған. Олар ұйықтап жатып, улы газға тұншыққан, деген болжам жасалып отыр.

Өрт толық сөндірілді, жалын шалған жердің жалпы көлемі – 56 шаршы метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу