Алматы облысында өрт сөндіру кезінде қызметкер қаза тапты

415

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Алматы облысында өрт сөндіру кезінде қызметкер қаза тапты Фото: Алматы облысы ТЖД

Алматы облысы Қарасай ауданында үйдегі өртті сөндіру кезінде қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы ТЖД ақпараты бойынша, 25 желтоқсан күні сағат 16:56-да Алматы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт есептеулері Қарасай ауданындағы Көкөзек ауылына өртті сөндіруге шықты.

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімшесінің командирі азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қаза тапты.

"Болған оқиғаның мән-жайы нақтылануда. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ТЖМ Әділет Аянұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол сауатты тұлға, өз ісінің маманы ретінде жүрегімізде мәңгі қалады", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу