Алматы облысында өртеніп жатқан үйден екі газ баллон шығарылды

285

Зардап шеккендер жоқ. 

Алматы облысында өртеніп жатқан үйден екі газ баллон шығарылды Фото: ҚР ТЖМ

20 наурызда Алматы облысында, Еңбекшіқазақ ауданында, Қаратұрық ауылында жеке тұрғын үй мен уақытша құрылысы 107 ш.м. алаңда жанды, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Өрт кезінде тұрғын үйден ТЖД күшімен қауіпсіз жерге көлемі 25 және 27 литр болатын 2 газ баллондары шығарылды. Өрттің алдын-ала себебі анықталуда.

Өрт толығымен жойылды.

Оқиға орнында жеке құрамнан 5 адам және 2 бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу