Алматы облысында Өзбекстан азаматы 105 малды ұрлап кеткен

557

Алматы облысында 105 малды ұрлаған күдікті ұсталды. Ол 78 малды сатып үлгерген, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматы облысында Өзбекстан азаматы 105 малды ұрлап кеткен Фото: azattyq-ruhy.kz

"25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны арызданып, 22 қазан күні түнде жайылымнан 105 бас қойы ұрланғанын хабарлайды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады", – деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.

Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті қамаққа алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу