Баланың туыстары оны іздеуге көмектескісі келетіндерден, еріктілерден жәрдем сұрап отыр.
"Әли отбасымен бірге өзен жағасында демалды. Бала өзен жағасында суретке түскісі келіп, кенеттен суға құлап кеткен. Анасы ұлын құтқаруға тырысты, бірақ одан түк шықпады", – делінген Instagram жазбасында.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қарасай ауданына қарасты Қаскелең шатқалындағы Қаскелең өзеніне баланың құлап кеткені туралы хабарлама 18 тамыз күні сағат 14:40-та түскен.
"Оқиға орнына Қарасай ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және Қаскелең қаласы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері – 8 қызметкер мен 2 техника, Республикалық жедел-құтқару жасағының Алматыдағы жеке құрамы – 8 құтқарушы мен бір техника жіберілді", – деп нақтылады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ іздеу жұмысына 80-ге жуық адам жұмылдырылған.
Оның арасында полиция қызметкерлері, баланың туыстары, жергілікті тұрғындар мен еріктілер бар. Қазіргі уақытта жұмыс жалғасып жатыр.