Алматы облысында пайдаланылмайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылады

500

Ерікті негізде 38 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алматы облысында пайдаланылмайтын жер учаскелері мемлекетке қайтарылады Фото: inbusiness.kz

Алматы облысында 514 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлер анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz  облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Сотқа 109 мың га пайдаланылмайтын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару туралы 198 талап-арыз жолданды. Қазіргі уақытта соттардың шешімдерімен жалпы ауданы 30 мың га жер учаскелері бойынша 44 талап-арыз қанағаттандырылды.

Облыстың жер ресурстарын басқару департаменті 50 мың га аумақтық 248 субъектіге ұйғарым берді.

Ерікті негізде 38 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды. Жалпы ауданы 83 мың га жер учаскелері бойынша 186 субъектіні пайдалануға кірісті. Ауданы 3 мың га 5 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды.

Қалған жер учаскелері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинау жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу