Алматы облысында пәтердің балконы жанып, 5 адам эвакуацияланды

502

Тағы 5 адам өздігінен эвакуацияланды

Алматы облысында пәтердің балконы жанып, 5 адам эвакуацияланды Фото: adyrna.kz

Оқиға кеше, 23 шілдеде сағат 20:25-те орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ТЖМ өртке қарсы комитетіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін 1988 жылы салынған көппәтерлі бес қабатты үйдің 3-қабатында газ баллонының жарылуы салдарынан 3 шаршы метр аумақта балкон жанып жатқаны, өрттің ішінара  ас үйге өткені анықталды. ГТҚҚ буынының көмегімен және құтқару қалпақшасын пайдалану арқылы төртінші және бесінші қабаттардан 5 адам түтін аймағынан құтқарылды", делінген хабарламада.

Жанып жатқан пәтердің иесі екінші топтағы мүгедек қарт әйел. 

Өрттің себебі өрт қауіпсіздігі ережелерінің 151-тармағында жазылған қауіпсіздік ережелерін бұзу болды. Бұны пәтердің иесі де растады. Оның айтуынша балконда от жағуға арналған кішкентай газ баллон сақталған екен, ол жоғары температура салдарынан атылып, балконда өрт шыққан. 

Осы өрт фактісі бойынша аталған пәтердің иесі ҚР ӘҚБтК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Шағым-арызы жоқ, келтірілген материалдық залал туралы да шағымы жоқ.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды тұрмыста және газ баллон жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу