Алматы облысында полиция қызметкерінің денесі табылды

300

Бүгінгі таңда тергеу әрекеттері басталды.

Алматы облысында полиция қызметкерінің денесі табылды Фото: inbusiness.kz

Алматы облысына қарасты Балқаш ауданындағы пәтерлердің бірінен 31 жасар тәртіп сақшысының денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Балқаш аудандық полиция бөлімшесіне аурухана фельдшерінен пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. 

Ақпаратқа сәйкес, марқұм азаматтың отбасында проблемалар болған. Бұл қылмыстық істі тергеу аясында тексерілетін болады.

“Бүгінде істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты әрі объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптамалық тексерулер тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу