Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған әйелді түнімен іздеген

504

Алматы облысындағы Тасмұрын асуы тұсында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып қалған.

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, адасып қалған әйелді түнімен іздеген Фото: ТЖМ

Құтқарушылар оны таңға жуық тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігі сайтына сілтеме жасап.

15 сәуір сағат 20:30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Балқаш ауданы Тасмұрын асуы маңындағы Малайсары ауылының маңында, таулы жерде 1962 жылғы әйел жоғалып кеткені туралы хабарлама түседі. Ол күндіз туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге келген (1 ер адам, 2 әйел, 2 ит). Адасып кеткен әйел көлікке қарай кері қайтатын жолды таба алмай қалған.

16 сәуір сағат 6.50-де іздестіру тобы жоғалған адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады. Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД 10 қызметкері мен 2 техникасы, Республикалық-жедел-құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу