Алматы облысы Балқаш ауданы Миялы ауылынан 20 шақырым жерде бір отбасы жеңіл көлікпен саңырауқұлақ жинауға шығып, қайтып оралмаған. Жоғалғандардың туыстары дабыл қағып, құтқарушылардан көмек сұрағаны айтылды.
"ТЖМ іздестіру тобы жоғалған отбасын тапты. Отбасы асуда батпаққа батып қалып, қозғалысын жалғастыра алмағаны белгілі болды", – делінген хабарламада.
ТЖМ "әрдайым өз жоспарларыңыз туралы жақындарыңызға хабарлап отыруға" кеңес берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу