Алматы облысында саудаға тұрақтандыру қорының қанты шығарылды

990

"Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаннтың келісін 200 теңгеден сатуда. 

Алматы облысында саудаға тұрақтандыру қорының қанты шығарылды

Алматы облысының әкімдігі қант бағасының қымбаттауының алдын алу үшін іске кірісті. Осы мақсатта тұрақтандыру қорынан сауда орындарына 1500 тонна қант шығарылды, деп хабарлайды Atameken Business.

­­"Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы қаннтың келісін 200 теңгеден сатуда. Бұл нарықтық бағадан 10%-ға төмен. Ал, қаланың жекелеген сауда орындарында баға 280 теңгеге дейін жетеді.

"Қазіргі уақытта біз қанттың тауарлық интервенциясын өткізіп жатырмыз. Саудаға шығарып жатқан өнімді біздің Ақсу қант зауыты шығарған, бағасы –200 теңге. Тауарды біз жай күндері қоймадан береміз, ал сенбі күндері Талдықорған қаласындағы "Жерұйық" коммуналдық базарында сатамыз",– дейді "Жетісу" ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру департаменті директорының м. а. Бахтияр Сембеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу