Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты

642

Өрт сөндіру қызметі келгенге дейін 15 адам өздері эвакуацияланды, оның екеуі жарақат алған. 

Алматы облысында сегіз пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты Фото: ҚР ТЖМ

17 тамыз күні Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Қонаев қаласы Заречный ауылындағы Школьная көшесінің бойында орналасқан сегіз пәтерлі тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түсті.

Сағат 04:21-де өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры мен екінші қабаты жанып, артынша шатыры опырылғаны анықталды. Өрт туралы хабарлама кеш түскендіктен оны сөндіру жұмыстары қиындады. Қонаев қалалық өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 20 шақырымды құрайды.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрт сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 7:20-да толықтай жойылды.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері өз өміріне қауіпке тігіп, өрт орнынан газ баллондарды шығарды.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өрт орнына барып, өрттен зардап шеккен тұрғындармен кездесті (24 адам, оның ішінде 10 бала). Қонаев қаласының әкіміне зардап шеккендерді Қонаев қаласының қонақ үйіне орналастыруды тапсырды. Жергілікті атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіпте өрттен зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қабылдайтын болады.

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан өрт болғаны туралы 101, 112 нөмірлері бойынша өрт сөндіру қызметіне дер кезінде хабарлауды және көпқабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу