Алматы облысында шаруа қожалығының қоймасы өртеніп жатыр

855

Зардап шеккендер жоқ.  

Алматы облысында шаруа қожалығының қоймасы өртеніп жатыр

Алматы облысы, Көксай ауылында "Әмір" шаруа қожалығының қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, 20 қыркүйекте сағат 10:00-де бақылау бекетіне облыстың Қарасай ауданы, Көксай ауылында, Наурызбай батыр көшесі N92 "А" мекенжайындағы қоймадан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл "Әмір" шаруа қожалығының аумағы екені белгілі болды.

"Өрт сөндірудің алғашқы бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, қоймада шамамен 250 шаршы метр құрылыс материалдары мен ауылшаруашылық техникасының шиналары жанып жатқаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қаскелеңдегі өрт сөндіру бекетінен шақырту орнына дейінгі қашықтық 18 шақырым болғандықтан және көлік кептелісі салдарынан өрт сөндіру қызметі оқиға орнына сағат 10:33-те жеткен.

"Өрттің себебі анықталуда. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп жазылған хабарламада.

Өртті сөндіруге Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі мен Алматы қаласының төтенше жағдай қызметінен 26 
маман, 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу