Алматы облысында Кеген ауданындағы Қара каньонда аспалы көпір салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"ASK Capital" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қара шатқал туристік аймағынан аспалы көпір салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 1,5 млрд теңгеге бағаланған. 50 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделген. Жобаны іске асыру кезеңі – 2025-2026 жылдар аралығы.
Айта кету керек, жыл басынан бері Көлсай мен Қайыңдыға барған туристердің саны 400 мыңға жуықтаған. Әсіресе, Қара шатқалды көруге баратындардың қарасы қалың.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу