Алматы облысында сібір жарасын жұқтырған 11 адам ем қабылдап жатыр

158

Барлығы 22 бас мал ауруға шалдыққан.

Алматы облысында сібір жарасын жұқтырған 11 адам ем қабылдап жатыр Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қыркүйек айының басында Алматы облысындағы Үлкен Ақсу ауылында сібір жарасы шыққан болатын.

"Алматы облысында сібір жарасы анықталғанына байланысты тиісті карантиндік шаралар қабылданған болатын. Бүгінгі таңда бұл шектеулердің бәрі алынып тасталды. Өйткені карантиндік мерзім аяқталды, ол жақта жағдай тұрақты. 22 бас мал ауруға шалдықты, оның ішінде 16-сы ірі қара, алтауы жылқы. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. 11 адам осы ауруға шалдықты, емдеу шаралары жалғасып жатыр", - деді вице-министр.

Ермек Кенжеханұлы сібір жарасына қарсы вакцинаны сатып алуға қанша қаржы көзделгенін айтты. 

"Біздің республикалық бюджеттен Қазақстан бойынша тиісті вакциналауға жататын малдың санына жүргізіледі. Соның есебінен жергілікті атқарушы органдарға препараттар жеткізіледі. Осы жылға республикалық бюджеттен 26 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Вакциналардың барлығы уақытылы сатып алынып, қосымша жеткізілген. Бұл бір жылға арналған іс-шара. Вакцинация жұмыстары жылдың аяғына дейін жүргізіледі. Ол жұмыстар әлі күнге дейін жасалып жатыр. Тиісті мамандардың бәрі құралдармен қамтамасыз етілген", - деп нақтылады ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу