Алматы облысында синтетикалық есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды

1212

Ол есірткіні елордада сатпақ болған.

Алматы облысында синтетикалық есірткі сатпақ болған күдікті ұсталды

Алматы облысында синтетикалық есірткі мефедронды сатпақ болған 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан мен Ресейдің ІІМ есірткіні бақылау жөніндегі қызметтерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде мефедрон өткізу арнасы анықталды.

"Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент қызметкерлері мен Алматы облысының ЕҚҚІБ қызметкерлері Қарасай ауданы Жетісу ауылында 20 жастағы жас жігітті ұстап, одан 2,5 келі синтетикалық есірткіні тәркіледі. Ол есірткіні аузы жабық 5 полиэтилен пакетке буып-түйіп, сұр түсті қапқа салған. Күдікті мефедронды Нұр-Сұлтан қаласына тасымалдап, оны сатпақ болғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жас жігіттің айыбы сотта дәлелденсе, оның мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

"Бүгінде іске қатысы бар күдіктілер мен есірткі жеткізу арналары анықталып жатыр", - деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.

Оның айтуынша, Қазақстанда тәркіленетін синтетикалық есірткінің көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл есірткінің жаңа түрлерінің шығуымен байланысты.

Айта кетейік, 2022 жылғы қаңтарда елде есірткіні сатумен байланысты 79 қылмыстық іс тіркеліп, 5 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленген, әрі бір зертхана жойылған.
Сондай-ақ 2021 жылы ішкі істер органдары синтетикалық есірткімен байланысты 1400-ден аса қылмысты тіркеді. 142 келіден аса синтетикалық есірткі тәркіленіп, 17 есірткі зертханасы жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу