Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды

468

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Алматы облысында синтетикалық есірткі зертханасы анықталды Фото: polisia.kz

Облыстың тәртіп сақшылары Бөлек ауылының аумағында синтетикалық есірткі құралдарын өндірген зертхананы анықтады, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленовтың сөзінше, арнайы операция 6 наурызда жүргізілген.

"Қарағанды облысының тумасы, 29 жастағы күдікті ұсталды. Тінту барысында үй аумағынан шыны колбалар түріндегі жабдықтар, кристалды нысандағы ақ түсті заттары бар науалар және прекурсорлары бар 15 канистр тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігінің белгілері бойынша Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді", - деді ол.

Бұдан басқа полицейлер күдіктінің былтырғы желтоқсан айында Telegram арнасында есірткі өндірумен байланысты жұмыс ұсынған белгісіз біреумен танысқанын анықтады.

"Күдікті өткен жылдың желтоқсан айының соңында Алматы облысының аумағына келген. Биылғы қаңтардан бастап Бөлек ауылына қоныс аударып, өзінің заңсыз қызметін жүзеге асырды", - делінген хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу