Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті 13 күннен кейін қолға түсті

216

 Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Алматы облысында сот залынан қашқан күдікті 13 күннен кейін қолға түсті Фото: Алматы облысы полициясы

Алматы облысында 1 сәуір күні Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдікті Ақши ауылында ұсталды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің бағытын анықтап, оның жасырынып жатқан орнын тапқан.

— Арнайы бөлім сарбаздарының көмегімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Бұған дейінгі негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін де Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды, — деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу