Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін жабық футбол алаңының, сондай-ақ жақын маңда орналасқан спорт залының жануы анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Конструкцияның ерекшелігіне байланысты жақын маңдағы құрылыстарға өрттің таралу қаупі болды.
ТЖМ бөлімшелерінің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт уақытылы сөндірілді. Өрт орнында су үздіксіз қамтамасыз етілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрттің одан әрі таралуының алдын алып, жақын маңда орналасқан екі тұрғын үйді сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу