Алматы облысында су электр станциясының құрылысы басталды

2831

Станцияны 2021 жылы іске қосу жоспарлануда.

Алматы облысында су электр станциясының құрылысы басталды

Алматы облысының Текелі қаласында құны 9,3 млрд теңге болатын Чажин су электр станциясының (СЭС-2) құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

"Аталмыш жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазіргі уақытта 10 КВт электр жеткізу желісінің құрылысы, канал қазу жұмыстары, станция құрылысы, бетон араластырғыш тораптарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қызметкерлерге арналған уақытша қалашық салынуда", – деп хабарлады ведомстводан.

Аталған су электр станциясы 2021 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Оның жобалық қуаты – 25,8 МВт.

"СЭС-ті іске қосу өңірдегі электр энергиясының құнын одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді. Мұнда жаңа технологиялар енгізілуде, цифрландыру жүзеге асырылуда", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу