Алматы облысында су тасқыны болды

515

Жол қозғалысына шектеулер жоқ.

Алматы облысында су тасқыны болды Фото: Катонқарағай ауданы әкімінің жеке парақшасы

21 наурыз күні сағат 21:00 шамасында күннің жылынуы мен қардың тез еру салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны орын алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “ҚазАвтоЖол” ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, жалпы су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. 

“Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ”, - делінген компания таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу