Алматы облысында су тасқынына байланысты 58 адам эвакуацияланды

155

Түрген өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен автожолдың бір бөлігін су шайып, құтқарушылар ондаған адамды қауіпсіз жерге шығарды.  

Алматы облысында су тасқынына байланысты 58 адам эвакуацияланды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысында нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген шатқалындағы Түрген өзенінің деңгейі күрт көтеріліп, Түрген – Ассы автожолының жекелеген учаскелерін су шайып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су басқан аумақта 17 киіз үй мен "Водник" бау-бақша серіктестігінің төрт ауласы орналасқан.

Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Олар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп, сел қаупіне мониторинг жүргізуде. Сондай-ақ авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ге жуық қызметкері мен 44 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу