Алматы облысында суармалы жер көлемі 126 мың гектарға ұлғаяды

1354

Алматы облысында суармалы жер көлемі 126 мың гектарға ұлғаяды

Ағымдағы жылы Жетісу жеріндегі суармалы алқаптардың аумағы 126 мың гектарға ұлғаяды. Ол суару жүйелерін көрделі жөндеуден өткізу есебінен мүмкін болып отыр. Өңірде бұл мақсатқа 3,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген, деп хабарлайды 24Хабар.

Қазір Алматы облысында 1 млн гектарға жуық егіс алқабы бар. Соның тең жартысына жуығы суармалы жерлер. Қызылағаш су қоймасы пайдалануға берілген соң, бұл көлем тағы 6 мың гектарға артады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу