Алматы облысында "субсидия алып беремін" деп 30 млн алған алаяқ ұсталды

232

Қазіргі уақытта оның 10-нан астам осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі дәлелденген.

Алматы облысында "субсидия алып беремін" деп 30 млн алған алаяқ ұсталды Фото: baq.kz

Қарасай ауданының тұрғындары аудандық полиция бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел мемлекет беретін өтеусіз гранттарды алуға, сондай-ақ, тұрғын үй қорынан пәтер алуға көмек көрсетуге уәде еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Залалдың жалпы сомасы 30 миллион теңгеден асты.

– Алаяқ сенімді азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде берілетін өтеусіз грант алуға көмектесуге уәде берді. Бұл ретте қажетті шығыстарға, сондай-ақ жаңа бизнесті бастауға және дамытуға өтінімдерді мақұлдау үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің 10%-ын төлеу қажет деп мәлімдеді. Сонымен қатар, алаяқ мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер беру бойынша алаяқтық схемалармен жұмыс істеді. Барлығы тек уәде күйінде қалды, – деді Қарасай аудандық полиция бастығы Елзат Қанатұлы.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, алаяқ анықталып, ұсталған. Ол жергілікті тұрғын. Сондай-ақ, қазіргі уақытта оның 10-нан астам осындай қылмыстарға қатысы бар екендігі дәлелденген. Тергеу кезеңінде күдікті үй қамауында ұсталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу