Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Оның айтуынша, Алматы облысында судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған.
"Судья Руслан Сүлейменов өзі шығарған ақтау үкімін күшінде қалтыру үшін орман шаруашылығының директоры Юлдашевті алдап, одан 12 млн теңге алды деген күдікке ілінген. Алайда облыстық сот Юлдашевті соттаған. 2021 жылғы 22 шілдеде Талдықорған қалалық соты Сүлейменовті мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан және 9 жылға бас бостандығынан айырды", – деді Данияр Бекайдаров брифингте.
Сондай-ақ ол сот үкімімен Юлдашев пен Имиров пара беруге оқталғаны үшін 8 және 7 жылға сотталған.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.