Алматы облысында Үлкен Алматы каналына батып бара жатқан баланы құтқарған ер адам марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов біздің заманымыздың батырына алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
"Керемет тәрбие беріп, осындай елжанды, намысшыл нағыз батырды өсірген ата-анасына ерекше атап өткім келеді. Себебі, бөтен біреудің өмірін құтқару үшін өз-өзіне қауіп төндіру — әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл ең үлкен құрметке лайық", — деді Б. Әленов.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу