Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты

376

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылында 4 жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында суға батып кеткен төрт баланың бірі қаза тапты Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, балалар ойнап жүргенде су бетіндегі жұқа мұз жарылған. 

Оқиға орнында болған балықшы олардың үшеуін аман алып қалғанымен, бір бала суға батып, қаза тапты. Сүңгуірлер судан алып шыққан төртінші баланың мәйітін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу