Алматы облысында "Ынтымақ" шаруа қожалығы сүт-тауарлы фермасын іске қосты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Кербұлақ ауданында ашылған заманауи фермада 517 ірі қара ұстауға мүмкіндік бар. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жоба құны 500 млн теңгені құрайды. Кәсіпорын күніне 10 мың литр сүт өндіреді деп болжанып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу