Алматы облысында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келді

669

Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы облысында лай көшкіні жүріп, екі үйге зақым келді Фото: ТЖД

Алматы облысының Талғар ауданында сырғыма түсті.

Жағдаймен танысу үшін оқиға орнына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков барды.

Алматы облыстық Төтөнше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23 наурыз күні сағат 00:20-да Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы "Бурабай" коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты топырақ батпақтанып, салдарынан тау баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына сырғыма түскен.

"Түскен топырақ үйдің терезесін сындырып, зақым келтірді. Сырғыманың болжамды көлемі 500 текше метр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Екі үйде 9 адам тұрады", - деп хабарлады департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу