Алматы облысында тағы бір бүлдіршін зорлыққа ұшырады

284

Күдікті ұсталды.

Алматы облысында тағы бір бүлдіршін зорлыққа ұшырады Фото: Online47

Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлім етті.

Кәмелетке толмаған бүлдіршінге қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікті ұсталды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтың сөзінше, 1 қараша күні Жамбыл ауданының полициясына Ақсеңгір ауылының 44 жастағы жергілікті тұрғынынан қазан айында белгісіз ер адамның қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасағаны туралы арыз түскен.

"Аталған дерек ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда дереу тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 1974 жылғы К. есімді күдікті азаматты анықтап, ұстады. Соттың санкциясымен ұсталған адам сотқа дейінгі тергеу жүргізу кезінде екі ай мерзімге қамауға алынды", дейді Б.Әленов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмысты тергеуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамалық тексерулер тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу