Алматы облысында тағы да ұшақ апаты болды

1675

Алматы облысында тағы да ұшақ апаты болды

Алматы облысы Балқаш ауданындағы Жиделі елді-мекенінде екі орынды ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Интерфакс.

Ұшқыш қаза тауып, ұшақ иесінің өкіліне алғашқы көмек көрсетілген. 

Облыстық ТЖ департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаев "ИФ-Казахстан" агенттігіне бұл ақпараттың рас екенін айтты.

ҚР ИДМ берген соңғы ақпарат бойынша, апатқа ұшыраған "Олжа Бастау" ЖШС-ның шағын ұшағына ҚР ИДМ азаматтық авияция комитетінің авияциялық қызмет туралы куәлігі берілмеген.

Істің анық-қанығын Көлік оқиғалары мен транспорттық оқиғаларды тексеру департаменті анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу