Алматы облысында тау жыныстарының қозғалғаны анықталды

1225

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалғаны анықталды

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы болды.  Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Алматы облысында ҚР ІІМ ТЖК-ның "Қазселденқорғау" ММ гидробекетінің байқаушылары көшкін қаупі бар учаскелерді тексеру барысында тау жыныстарының қозғалғанын анықтады", -  делінген хабарламада.

Тау жыныстарының жылжуы Көлсай көлі жағындағы бағытта байқалды. Осы орайда кезекшілік ұйымдастырылып, мамандар тартылды. Құрылыстардың бұзылуы оқиғалары мен зардап шеккендер тіркелген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу