Алматы облысында тауда адасқан 4 туристке көмек көрсетілді

137

Олар Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы шыңына дейін көтеріліп, төменге түсе алмаған.  

Алматы облысында тауда адасқан 4 туристке көмек көрсетілді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бағытынан жаңылған туристер тобы өздігінен төмен түсе алмайтынын түсінген соң, 112 пультіне хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары жедел шықты.

Құтқару жұмыстарының нәтижесінде туристер табылып, "Проходная" автотұрағына дейін жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу