Алматы облысында тауда адасып кеткен 2 жасөспірім аман-есен табылды

343

Құтқарушылар оларды Қасқыр тау беткейінен тауып, қауіпсіз жерге жеткізіп, ата-аналарына тапсырды.  

Алматы облысында тауда адасып кеткен 2 жасөспірім аман-есен табылды Фото: Бейнежазбадан

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Қасқыр тау маңында екі жасөспірім тауда адасып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомствоның мәліметінше, жасөспірімдер байланыс үзілгенге дейін өздігінен жол таба алмай жүргендерін айтып, құтқарушылардан көмек сұраған. Кейін ұялы телефонның қуаты таусылып, олармен байланыс үзілген.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жедел аттанды. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жасөспірімдер Қасқыр тау беткейінен табылды.

Құтқарушылар оларды қауіпсіз бағытпен Өтпелі шатқалына дейін алып шығып, кейін ата-аналарына табыстады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу