Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде 3 адам көз жұмды

921

7 адам жарақат алды.

Алматы облысында таудағы өртті сөндіру кезінде 3 адам көз жұмды

5 тамызда Алматы облысы Панфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"Оның біреуі Жаркент орман шаруашылығы мекемесінің қызметкері, қалған екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1 адам аяғын сындырды",– деп хабарланды ведомстводан.

Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілген екен, енді Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылады.

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полиция департаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақ Жаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өрт ошағын сөндіруге өрт сөндірушілер және полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған ерікті өртке қарсы құрылымдар жұмылдырылған.

"Таулы жердегі өртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Жақын маңда су алатын айдын-көл болмағандықтан, әуе кемесі адамдарды тасымалдап, қоржынды бүріккіштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді. Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда. Өрт ошақтарын оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды. Оқиға орнына тағы бір "Қазавиақұтқару" тікұшағы жіберілді. Жағдай қатаң бақылауда",– делінген ведомство таратқан хабарламада.

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардап шеккендердің отбастарына көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу