Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары бірнеше күн бойы байланысқа шықпаған ер адамды тауып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, 1984 жылы туған азамат 15 маусым күні сағат 10:00 шамасында Ассы үстіртіне қарай жолға шығып, содан кейін онымен байланыс үзілген. Құтқарушылар болжамды бағыт пен оған жақын аумақтарды тексеріп, іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде ер адам Көксай таулы аймағынан табылды. Абырой болғанда, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ азаматтарды тауға шығар алдында жақындарына баратын бағыты мен оралатын уақытын алдын ала хабарлауға шақырды.