Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастаған күдікті ұсталды

157

Алматы облысында кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.  

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастаған күдікті ұсталды Фото: istockphoto.com

Бұл туралы бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ізін суытпай 49 жастағы күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр",  деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Меруерт Морякова.

Ер адамның өлі күйінде 7 мамыр күні "ҚайратБайсерке" теміржол өткелінде табылғанын бұған дейін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу