2023 жылғы 31 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен әрекеттесе Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол терроризм идеяларын насихаттады деп күдіктелуде.
Оның тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу