Алматы облысында тоңазытқыш қойма ашылды

1567

Бұл отандық және шетелдік нарыққа балауса дәмді және шырынды жемістерді жыл бойы жеткізу мүмкіндігін тудырып отыр. 

Алматы облысында тоңазытқыш қойма ашылды

Алматы облысындағы Шелек ауылы маңында жемістерді сақтауға арналған тоңазытқыш қойма ашылды, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Аграрлық несие корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Мұрат Дәрібаевтың айтуынша, жоба АӨК дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жобаның жалпы сомасы – 6,5 миллиард теңге, оның 4,5 миллиардтан астамын "Аграрлық несие корпорациясы" ұсынған, ал қалған ақша – инвестордың өз қаражаты.

"Alma Mater Fields" компаниясының жобасын корпорация кезең-кезеңмен 2017 жылдан бастап 2019 жылды қоса "Агроэкспорт" бағдарламасы бойынша қаржыландырған.  Мемлекеттік қолдау шаралары жалпы сомасы 4,7 млрд теңгеден артық тамшылап суару және шпалерлік жүйе заманауи технологиясын пайдаланатын 120 және 90,5 га екі бақ отырғызуға, сондай-ақ реттелетін газдық ортасы бар 3600 тонна жеміс сақтау қоймасын құруға бағытталды.

Тоңазытқыш кешен өнімді қаз қалпында 12 айға дейін сақтайды. Бұл отандық және шетелдік нарыққа балауса дәмді және шырынды жемістерді жыл бойы жеткізу мүмкіндігін тудырып отыр. Яғни, қыс мезгілінде қазақстандықтар жергілікті өнімді барынша төмен бағамен алуға қол жеткізеді.   

Жеміс қоймасы реттелетін газдық және ылғалдылық ортасы бар 18 тоңазытқыш камерамен жабдықталған. Кешеннің металл құрылысы – Қазақстанда жасалған, қаптауы – Ресейде өндірілген, ал барлық жабдық Голландиядан әкелінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу