Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды

895

 Еңбекшіқазақ ауданындағы төрт саяжай массиві – "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды.

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды Фото: 24.kz

Алматы облысында төрт саяжай массиві карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол жерде КВИ ауырған 9 жағдай тіркелді.

COVID-19 диагнозы расталған 11-пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві – "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды.

Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі.

Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу