Алматы облысында түнде жалғыз жүрген 155 бала анықталды

857

Алматы облысының полицейлері 23 - 27 қаңтар аралығында "Профилактика" іс-шарасы аясында  қоғамдық орындардағы тәртіпке, әсіресе жасөспірімдердің әрекетіне жіті назар аударатын болады.  

Алматы облысында түнде жалғыз жүрген 155 бала анықталды

Алматы облысының аумағында жүргізілген "Профилактика" жедел алдын алу іс-шарасы барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйінен тыс жерде жүрген 155 бала анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Профилактика" іс-шарасының негізгі мақсаты  –  алкогольдік мас күйде жасалатын немесе тұрмыстық заңбұзушылықтардың алдын алу, әсіресе жасөспірімдер арасындағы қылмыстарды болдырмау. "Облыс бойынша түнгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің заңсыз келуіне жол берген 7 көңіл көтеру орны анықталып, оларға хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жедел алдын алу іс-шарасы кезінде тәртіп сақшылары 1244 әкімшілік заңбұзушылықты анықтап, жауапкершілікке тартты", – деп атап өтті облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының өкілі, полиция майоры Дәулет Смақов.

Айта кетейік, Алматы облысының полицейлері 23 - 27 қаңтар аралығында "Профилактика" жедел алдын алу іс-шарасы аясында өңірдегі қоғамдық орындардағы тәртіпке, әсіресе жасөспірімдердің әрекеттеріне жіті назар аударатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу