Жас буынның әлеуетін арттырып, қанатын қатайтуға арналған істе Алматы облысында 15 үздік жоба қолдау тапты.
Білімі мен білігі ұштасқан қыз-жігіттерді жеңістерімен аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев құттықтады.
"Бүгінгі жастардың білімге, инновацияны үйренуге, шет тілдерін меңгеруге деген талпыныстары, еңбекқорлығы бізді қуантады. Жеңімпаз атанған жобалар өңіріміздегі өзекті мәселелерді шешуге, мемлекеттік жастар саясатын жемісті жүзеге асыруға серпін беретін жасампаз істердің бастауы болсын. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Жалпы, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру біздің басты міндеттеріміздің бірі", - деді облыс әкімі Марат Елеусізұлы.
Қоғамның әр саласында бизнес-идеялары мен өзіндік жоспарларын жүзеге асыруды көздеген жастар қарасы қалың болғанымен, грант жобасына барлығы 35 үміткер қатысқан. Солардың ішінде тек 15-і жеңімпаз атанып, 1 млн теңгенің сертификаттарына ие болды.