Алматы облысында тұрақтандыру қорына 635 тонна өнім алынды

794

 Өнім қыс кезінде арзандатылған бағамен нарыққа шығарылып, тауар құнын тұрақтандыруға ықпал етеді.

Алматы облысында тұрақтандыру қорына 635 тонна өнім алынды

Алматы облыстық "Жетісу" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры қыс азығын қамдап жатыр,. Олар бүгінгі күнге дейін 635 тонна қант, картоп пен пияз сатып алған, деп хабарлайды 24.kz.

Жетісу жерінде өсірілген тауарлар қоймада сақтаулы тұр. Енді сала мамандары өзге де азық-түлік түрлерін алады. Бұл жұмыстар күзгі жиын-терім науқаны аяқталған соң жүргізілмек. Өнім қыс кезінде арзандатылған бағамен нарыққа шығарылып, тауар құнын тұрақтандыруға ықпал етеді.

Айта кетейік, өткен жылы бұл мекеме 386 млн теңгеге әлеуметтік азық-түлік қорын алған болатын. Биыл да сол көлемде жинау жоспарланып отыр.

"Күріш, ұн, май т.б. өнім алынатын болады. Оның сомасы мен көлемін арнайы комиссия анықтайтын болады. Мысалы, өткен жылы 2 мың тоннадан астам өнім алынған болатын",– дейді "Жетісу" ӘКК департамент директоры Бақтияр Сембеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу