Алматы облысында тұрғындар оқушының өлімінен кейін жолды жауып тастады

494

Бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. 

Алматы облысында тұрғындар оқушының өлімінен кейін жолды жауып тастады

19 қыркүйек күні кешкі уақытта Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылында 10 жасар мектеп оқушысын көлік қағып кетті. Осы оқиғадан кейін ауыл тұрғындары жолды жауып тастады, деп жазады inbusiness.kz.

"Toyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық кентіндегі "Жетіген-Алматы" автожолымен жүріп келе жатып, 10 жасар баланы қағып кетті. Бала белгіленген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан", – делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша Талғар ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, тұрғындар осыған дейін де шенділерден жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бірнеше мәрте талап еткен. 

Бұдан бөлек ауылдағы балалар 3 ауысымда оқытатын мектепте оқуға мәжбүр. Бұл мәселе де бірнеше мәрте көтерілген. Қайтыс болған оқушы кешкі уақытта мектептен үйіне қарай кетіп бара жатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу