Алматы облысында турист Шарын өзеніне ағып кетті

1126

Құтқарушылар ер адамды іздестіріп жатыр. 

Алматы облысында турист Шарын өзеніне ағып кетті

Алматы облысында ер адам Шарын өзеніне ағып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдеде сағат 11.15-те "112" пультіне Кеген ауданында 1984 жылы туған ер адам Шарын өзеніне ағып кеткені туралы хабар түскен.

"Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына тез арада Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жіберілді. Олардың жалпы саны – 15 адам мен 4 техника", - деп жазылған хабарламда.

Сондай-ақ оқиға орнына сағат 12.05-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен 1 кинологиялық есеп жіберілген.

"Сағат 13.00-де оқиға орнына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы ұшып шықты. Ер адамды іздестіруге қосымша күштер мен құралдар жіберіледі", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам туристік топпен жүрген. Ол фотоға түсемін деп аяғы суға тайып құлаған. Салдарынан оны өзен ағыны алып кеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу